Синоптиктердің болжамына қарағанда алдағы үш тәулікте елімізде жауын-шашын болады, бірақ температура жоғарылайды.
Қазақстанның оңтүстік облыстарында антициклонның ықпалынан күн аздап бұлттанғанымен жауын-шашын болмайды. Алдағы үш тәулікте республиканың солтүстік және шығыс облыстарында атмосфералық фронттарға байланысты жауын-шашын жауып, тұман түседі және көктайғақ болады, — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Бейсенбі, жұма және сенбі күндері батыс желі күшейіп, бұрқасын да соғады.
Тропосферада Атлантикадан жылы да ылғал ауа әкелетін батыс ағындары қалыптасқандықтан Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы көтеріледі деген болжам бар. Бұл осы кезең үшін әдеттегіден 2-5 градус жоғары болады, — деп хабарлады синоптиктер.