Гидрометеорологтар 22 қазан күні ауа райы қандай болатынын хабарлады. Кең алқапты антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, көктайғақ болады. Күндіз желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.
Жамбыл, Қостанай, Ақмола облыстарында тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады.
Түркістан облысында 15-20 м/с жел соғады.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Павлодар облыстарында тұман түседі.
Түркістан облысында түнде 1 градус суық болады.