Алматы әкімдігі үйде жылудың болмауына байланысты қайда арыздану керек туралы мәлімдеді.
2019 жылы Алматыда жылу маусымы 15 қазаннан басталды. Жаңа жылыту маусымының ашылу күні метеорология болжамдарымен және Алматыдағы ауа райының күнделікті бақылауына байланысты анықталады.
Қалада жылу жүйесіне бірінші кезекте ауруханалар, балабақшалар, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандар қосыла бастады. Жылу тұрғын үйлерге де қатар берілді.
Нысандар жылу жүйесіне бірнеше күн бойы қосылады. Негізі тұрғын үйлерді жылу жүйесіне қосуды Пәтер иелерінің кооперавтиві немесе үйге қызмет көрсететін басқару компаниялары жауапкершілігіне алады.
15 қазаннан бері Пәтер иелерінің кооперативтері тұрғын үй қорының негізгі бөлігіне жылу берді. Алайда кей мәселенің себебінен әлі жылуы берілмеген үйлер бар.
Тұрғындар үйлердегі жылуды қосуға қатысты барлық сұрақ бойынша +7 (727) 262 15 11 сенім телефонына хабарласа алады.