Басты бет Жаңалықтар Александр Лукашенко Қазақстанға ресми сапарымен келеді

Александр Лукашенко Қазақстанға ресми сапарымен келеді

Беларусь Президенті Александр Лукашенко Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруы бойынша 24-25 қазан күндері Қазақстанға ресми сапарымен келеді.

Фото: Vasily Fedosenko/REUTERS

Келіссөздер кезінде Қазақстан мен Беларусь арасындағы стратегиялық серіктестіктің ахуалы мен перспективалары талқыланады.

Мемлекеттер басшылары ТМД, Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы екі елдің өзара ықпалдастығын дамыту, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасады деп жоспарланып отыр.

Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты келісімге қол қойылады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version