21 қазан күні оңтүстікте және шығыста күн құбылмалы болады

«Қазгидромет» РМК мамандарының болжауынша, 21 қазанда атмосфераның фронтал бөліктерінің өтуіне байланысты оңтүстікте және шығыста күн құбылмалы болады. Республиканың кей жерінде жел күшейіп, тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын соғады. Тұман түседі, көктайғақ болып, 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан, Қызылорда облыстарында шаңды дауыл тұрады, желдің екпіні секундына 15-23 метрге дейін күшейеді.

Жамбыл облысында тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады.

Алматы облысында да 15-20 м/с жел соғады.

Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түседі.

Қызылорда, Жамбыл облыстарында түнде 1-3 градус суық болады.