Басты бет Жаңалықтар Ұлттық қорғаныс университетіне жаңа басшы тағайындалды

Ұлттық қорғаныс университетіне жаңа басшы тағайындалды

Қасым-Жомарт Тоқаев Сұлтан Қамалетдиновті Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы қызметіне тағайындады. Тиісті Жарлық Ақорданың ресми сайтында жарияланды. 

Сұлтан Қамалетдинов. Фото: Kstu.kz

Сұлтан Қамалетдинов 1965 жылы 12 ақпанда Ресей Федерациясының Астрахан облысында туған. 1986 жылы Ташкент жоғары танк училищесін бітірген.

Ол мұның алдында ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы қызметін Сәкен Жасұзақов атқарды. 2019 жылдың тамызында Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жарылыстан кейін Сәкен Жасұзақовты қызметінен босатты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version