Басты бет Қоғам Қарттар айлығы аясында турнир ұйымдастырылды

Қарттар айлығы аясында турнир ұйымдастырылды

Алматының Алатау ауданында Қарттар күніне орай қарттар айлығы өтіп жатыр.

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, айлық аясында аудан қарияларына арналған бильярдтан турнир өтті.

Турнирге 20-ға жауық ақсақалдан құралған топ қатысты. Ойын бірнеше сағатқа созылып, қорытындысы бойынша үш қатысушыға жүлде берілді. Жеңімпаздарды аудан әкімінің орынбасары Саят Ағыбаев дипломмен марапаттап, сыйлық үлестірді.

Ақсақалдар арасындағы сайыстар қарттар айлығының аяғына дейін жалғасады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version