Басты бет Қоғам Бақытжан Сағынтаев тіл жанашырларына Президенттің алғысхатын тапсырды

Бақытжан Сағынтаев тіл жанашырларына Президенттің алғысхатын тапсырды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев "Қазақ ССР тілдер туралы" алғашқы заңының қабылданғанына 30 жыл толуына орай бір топ ғалым, жазушы, журналист және қоғам қайраткерімен кездесті.

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде мемлекеттік тілді дамыту, оны қала жұрты арасында дәріптеу мәселесі талқыланды. Қала мектептерінің кітапханаларын қазақ жазушыларының кітаптарымен толтыру және интернет базасын қазақтілді контентпен толықтыру ұсынылды.

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосқан жазушылар мен қоғам қайраткерлеріне Президенттің алғысхатын тапсырды.

Олардың арасында «Мемлекеттік тілге құрмет» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Асылы Осман, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаев, Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов, жазушы Смағұл Елубай, Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Телхожа Жанұзақов, халық жазушысы Мұхтар Шаханов, Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов, Ұлттық аударма бюросының редакторы Назгүл Қожабекова, жазушы-публицист Жұмаш Кенебай, «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Смайыл Срайыл бар.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version