Айдана Меденова
«Кешью» тобының экс-солисті Айдана әншілікпен қатар, фильмдерге түсіп, бизнесін де дөңгелетіп отыр. Оның киноөндірісіндегі алғашқы қадамы Баян Мақсатқызының продюссерлігімен түсірілген «Ғашық жүрек-2» фильміндегі бас рөл еді. Ал бизнестегі қадамын Айдана сұлулық салонын ашудан бастады. Бүгінде Алматы қалсында оның 2 сұлулық салоны бар.
Жанар Дұғалова
«Кешьюдан» шыққан тағы бір әмбепап әртіс. Жанар Дұғалова киноға 2015 жылы келді. Алғашқы фильмі — «Махаббатым жүрегімде» сериалы. Бұдан кейін Жанар режиссерлердің көзіне жиі түсе бастады. Ақан Сатаевтың «Рэкэтир -2»-сінде эпизодтық рөлде бой көрсеткен Жанар қазіргі уақытта Асқар Бисмбиннің «Наурыз» фильміне түсіп жатыр.
Кәмшат Жолдыбаева
«Кешью» бағын ашқан тағы бір әнші. Кәмшат бүгінде тыңдарманындарын ғана құуантып қоймай, көрермендердің де көзайымына айналып үлгерді. Ол «Тракторшының махаббаты», «Махаббатым жүрегімде» «Өгей жүрек» фильмдерінде басты рөлді сомады. Жақында Нұртас Адамбаевтың «Тараз» фильмінен де Кәмшатты көрсеңіз, таңданбаңыз. Бұл туындыда әнші қыз эпизодтық рөлдерде ойнайды.
Тәуелкел Мүсілім
Тәуекелдің айтуынша, «Ол мамандықты емес, маманды қоны таңдаған». Модель жігіт кинодағы қадамын «Махаббатым жүрегімде» сериалы арқылы бастады. Қазір «Бәрі еркектердің кесірінен» деген туындыға түсіп жатыр. Көп әншілер шоу бизнестен киноиндустрияға келіп жатса, Тәуелекел кинодан әншілікке жол тапты. Қазір Тәуелкедің қоржынында «Махаббатым», «Бақытым бір сен», «Жаралы жүрек» сынды әндері бар. Өнерлі жігіт мұнымен тоқтап қалмай, бизнес әлемінде де бағын сынамақшы. Ол жуырда өз атымен иіссулар шығарып бастады. Сатылым кезегіне қарап, бұл бастаманың болашағы болатынын болжамасақ та болады.
Жания Джуринская
«Болашақ», «Парыз», «Өмір өткелдері», «Ғашық жүрек», «Вузеры», «Өкініш» фильмдері арқылы көпшілікке танылған актриса да киномен ғана шектелмей, бизнес ашқандардың бірі. Оның бүгінде Алматы және Астана қалаларында JD Studio деп аталатын сұлулық студиосы бар.
Кәсібін сұлулық салондарынашумен бастағандардың қатарында Алтынай Жорабаева, Жазира Байырбекова да бар.