17-19 қазан күндері көп өңірде қар мен жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК мамандары 17-19 қазан күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады. Атмосфера процестерінің тез ауысуынан елімізде ауа райы өзгереді.

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағыннан үлкен жылдамдықпен суық атмосфера фронттары өтеді. Оның артынан антициклон келеді, бірақ ол 19 қазанда кезекті циклонмен және арктика фронттарымен ығысады. Сол себепті көп өңірде жаңбыр және қар жауады, — деп хабарлады синоптиктер.

Қазақстанның солтүстігінде көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан қатты жел соғады, соған байланысты боран болуы мүмкін.