Басты бет Қоғам Қазақстан әйелдер үшін қаншалықты қауіпсіз ел?

Қазақстан әйелдер үшін қаншалықты қауіпсіз ел?

Рейтинг үш негізгі категория - инклюзия, қауіпсіздік және әділет бойынша есептелген. Бұл көрсеткіштер өз ішінде білім алуға қолжетімділік, жұмысқа орналасу, түнгі қауіпсіздік, гендер кемсітушілігі сияқты 11 субкатегорияға бөлінген.

Иллюстрация: Dribbble.com ©Marcin Mokierów-Czołowski

National Geographic журналы Women, Peace and Security Index (WPS Index) рейтингін жариялады. Бұл — әйелдердің өмір сүруіне ең қауіпсіз және қолайлы елдердің көрсеткіші.

Рейтингке әлемнің 167 елі енген. Қазақстан тізімде Ямайкадан кейін 43-орында тұр.

Рейтинг бойынша Норвегия әйелдер үшін әлемдегі ең қауіпсіз ел деп танылды. Одан кейінгі орында Швейцария, Финляндия, Дания, Исландия, Австрия, Ұлыбритания, Люксембург, Швеция және Нидерланды тұр. АҚШ 19-орында.

Рейтингте соңғы орынды Сирия, Ауғанстан және Йемен алды.

Women, Peace, and Security Index рейтингі 2017 жылдан бастап жыл сайын жасалады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version