Басты бет Басты Жыл соңына дейін үй бағасы арзандайды

Жыл соңына дейін үй бағасы арзандайды

Биылғы жылдың III маусымында Астандағы пәтердің орташа бағасы шаршы метріне 343,8 мың теңге болды. Бұл алдыңғы маусыммен салыстырғанда 3,6 пайызға, яғни 12 942 теңгеге арзан. Жалпы жыл басынан бері елордадағы жылжымайтын мүлік құны 12 пайыз жоғалтты, деп жазады krisha.kz.

Фото: Scs.edu.au

Мұндай үрдіс Алматыда да байқалады. Мұндағы арзандау қарқыны Астанаға қарағанда төмендеу. Соңғы үш айдағы орташа баға  шаршы метріне 374,9 мың теңге. Бұл бар болғаны 1,6, яғни 5 мың теңгеге арзандады деген сөз. Жалпы, соңғы уақытта Алматыдағы баға арзандауды тоқтатып, қазір бір орынға тұрақтады.

Сарапшы Нина Лукьяненконың айтуынша, жыл басынан бері арзандап келе жатқан баспана бағасы алдағы уақытта осы бетімен таймай, жылдың соңына дейін әлі де болса төмендей түспек. Жалпы, оған себеп болатын доллар курсының төмендеуі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version