15 қазанда еліміздің тек батысында күн жауын-шашынсыз болады

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 15 қазанда атмосфераның фронтал бөліктерінің өтуіне байланысты елімізде күн құбылмалы болады. Қазақстанның тек батысында күн жауын-шашынсыз болады.

Жамбыл облысында тұман түседі, желдің екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді.

Түркістан облысында 23 м/с жел соғады.

Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда облыстарында 15-20 м/с жел соғады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады. Қарағанды облысында найзағай ойнайды.

Атырау, Маңғыстау облыстарында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қаупі бар.