Басты бетЖаңалықтарПрезидент көмекшісінің...

Президент көмекшісінің қабылдауына қалай жазылуға болады?

Қоғамдық қабылдаудың Telegram-каналында қазақстандықтардың Президент көмекшісінің қабылдауына жазылу жолы көрсетілді.

Шағымды виртуал қабылдау бөлмесіне жіберу үшін электрон цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы керек. Akorda.kz сайтына кіріп, «Виртуал қабылдау» бөліміне тіркелу қажет. Одан кейін «Президентке хат жазу» бөліміне өтіңіз. Электрон өтініш көлемі 1500 таңбадан аспауы керек, қосымшалар 10 мегабайттан аспауы тиіс.

Қадам бойынша жасалатын нұсқаулықтар жазу процесін автоматты түрде реттейді. Өтініш жоғарыда көрсетілген көлемдерден асып кеткен жағдайда Президент Әкімшілігінің мекенжайына жазбаша өтініш жіберу ұсынылады.

Президент Әкімшілігінің көмекшісімен — Президент Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаевамен хабарласу үшін мына телефондарға қоңырау соғуға болады: +7 7172 74 17 96 және +7 7172 74 97 06.

Жазбаша сұрау немесе сұраныс бойынша жазылым жасай аласыз және Еgov.kz электрон үкімет порталы арқылы да өтініш қалдыруға болады.

Қабылдау кестесі Ақорданың сайтында «Президент Әкімшілігі — Азаматтарды қабылдау» бөлімінде орналастырылған.