Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Қуандық Бишімбаевтың бостандыққа шығуына қатысты пікірін айтты.
Ол өтініш берді, сот барлық мән-жайды ескерді. Сіздер сот шешімін көрдіңіздер. Сот бәрін түсіндіріп берді. Оның жазасы 4 жыл 8 айға қысқарды. Жоғары соттың үкімін оқып көріңіздер. Сонда жазылған. Ол 4 жыл 8 айдың үштен екі бөлігін өтеді. Менің білуімше, 1 жыл 3 ай қалған. Осы 1 жыл 3 айды оған айыппұл ретінде алмастырды, — деді Марат Қожаев.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары «Қуандық Бишімбаев кінәсін мойындады ма?» деген сұраққа «Иә» деп жауап берді.
Қиын дымы да жоқ. Жоғары сот барлығын айтты. Келтірілген залал мөлшері айтылса және Жоғары сот осындай шешім қабылдаса, Қуандық Бишімбаев өтемеген қарыздың болмағаны, — деді ол.
Айта кетейік, Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.
2018 жылдың наурызында Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол пара алғаны және ақша ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған.