8 805 қазақ баласын шетелдіктер асырап алған

«2011 жылы шетел азаматтарының бала асырап алу рәсімінің механизмі қарастырылатын «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі қабылданды. Кодекс қабылданғаннан кейін (шетелдік агенттіктерді аккредитациялау арқылы) елімізде барлығы 125 бала асырап алынды»,-деп атап өтілген комитет мәліметінде.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекс пен «Балаларды қорғау және баланы шетелдіктер асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданғанға дейін республикамызда бала асырап алу  «Неке және отбасы» заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын. Бүгінде бұл заңның күші жойылған.

Қабылданған Кодекстің талаптарына сәйкес қазақстандық балаларды асырап алғысы келетін шетелдіктер үшін бала асырап алу процедурасы күшейтілді.

Егер агенттік өзінің аккредитациясынан айырылған жағдайда құзырлы шетелдік мемлекеттік органдарға асырап алынған балалар туралы есепті ұсыну міндеттері жүктеледі, сондай-ақ асырап алынған балаларға қатысты орын алған барлық қайғылы оқиғалар, жағдайлар мен зорлық-зомбылық туралы дереу хабарлау қажеттігі міндеттеледі.

ДереккөзҚазАқпарат