Басты бет Жаңалықтар Түркияда жарылыс болып, 18 адам қаза тапты

Түркияда жарылыс болып, 18 адам қаза тапты

9 қазан күні Түркияның Шемдинли ауданындағы жандармерия күзет орны жанфнда миналанған көлік жарылды. Салдарынан 18 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Фото: РИА Новости

Осыған дейін Түркия қарулы күштерінің бас штабындағылар сегіз адамның қаза тауып, тағы бес әскеридің зардап шеккенін хабарлаған еді. Жарылысты Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмыс партиясындағылар ұйымдастырды деген күдік бар.

жарылыс түркия
Mami AL (@Kanimase) есімді қолданушының Twitter желісінде жариялаған суреті.

«Шемдинлиде болған жарылыстың салдарынан 17 адам қаза тапты, олардың тоғызы — әскерилер. Олардан басқа тағы 27 адам зардап шекті», — деп мәлімдеді Топрак NTV арнасына берген сұхбатында.

Естеріңізгес сала кетейік, 6 қазан күні Стамбұлдағы Ататүрік халықаралық аэропортының жанында миналанған мотоцикл жарылған еді. Салдарынан 10 адам зардап шекті. РИА Новостидің хабарлауынша, бұл жарылысты да Күрдістан жұмыс партиясы ұйымдастырған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version