Басты бет Қоғам Фактчек: Салық берешегі бар азаматтардың балалары ҰБТ-ға қатыса ала ма?

Фактчек: Салық берешегі бар азаматтардың балалары ҰБТ-ға қатыса ала ма?

2019 жылдың 9 қазанында желіде жеке меншік бойынша салық берешегі бар азаматтардың балалары ҰБТ-ға қатыса алмайды деген ақпарат тарады.

Иллюстрация: Dribbble.com © Lamiya Dary

Мемлекеттік кірістер комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды.

Мүлік, жер, көлік салықтарын төлеу міндеті ҚР Салық кодексінде бекітілген. Алайда бұл құжатта салық берешегі бар азаматтардың туыстары мен жақындарының емтиханға, мемлекеттік бағдарламаларға және тағы басқа сол сияқты қатысуға шектеу қою бойынша норма жоқ.

Қолданыстағы ҚР Салық заңнамасында айыппұл есептеу шаралары көрсетілмеген. Тек салықты уақытылы төлемеген жағдайда өткізілген әр күнге өсімпұл есептеледі.

2019 жылдың соңына дейін жеке тұлғаларға арналған салық рақымшылығы үрдісі жүріп жатыр. Оның ережелеріне сәйкес, жеке тұлға берешегінің негізгі сомасын өтеген жағдайда өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады.

Салық төлеушілер борыштарының бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында мына сілтеме бойынша Кgd.gov.kz/ тексере алады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version