Басты бет Жаңалықтар Нұр-Сұлтанға әлемнің 80 елінен делегат келді

Нұр-Сұлтанға әлемнің 80 елінен делегат келді

ЮНВТО-ның  VIII "Ақылды қалалар – ақылды дестинациялар" жаһандық саммиті ресми түрде ашылды.

Фото: Astana.gov.kz

Саммиттің ашылуына Қазақстан Үкіметі мен Нұр-Сұлтан әкімдігінің басшысы, UNWTO-ның бас хатшысы Зураб Пололикашвили қатысты. Жаһандық саммиттің өтуі Қазақстан астанасының дамуы жаңа серпін беріп, туристік орталық ретінде танылуына мүмкіндік береді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігі хабарлайды.

Саммитке барлығы 1400 делегат қатысады. Оның ішінде 80 мемлекеттен 400 шетелдік делегат пен әлемнің 15 ірі қаласының басшысы бар.

ЮНВТО – 1975 жылдан бастап қызмет ететін БҰҰ жүйесіндегі беделді  туристік ұйым. Бұл жолы саммитке шетелдік танымал кәсіпкерлер, сәулетшілер, журналистер мен туристік ұйымдардың өкілдері қатысады, «Ақылды қалалар және туризм» тақырыбында кездесу өтіп, декларация қабылданады. Сонымен қатар панельдік пікірталас өтеді. Саммит 12 қазанға дейін жалғасады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version