Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

Бұған дейін боксшының промоутері Том Леффлер Камил Шереметаны кездесуі мүмкін қарсыластар тізіміне қосқан еді.

Геннадий Головкин титулдарын Шереметаға қарсы жекпе-жекте қорғау үшін келісімшартқа отырды. Енді ол IBF-тің келісімін күтіп отыр. Егер Сауль Альварес трилогияны мамырда өткізуді қаламаса, жекпе-жек келесі жылдың басында болады, — деді журналист Майкл Бенсон twitter-дегі парақшасында.

Геннадий Головкин 5 қазанда Нью-Йоркте украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасты. Кездесу 12 раундқа созылып, қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңді. Осылай спортшы IBF және IBO титулдарын иеленген еді.

ДереккөзVesti.kz