Басты бет Жаңалықтар Алматыда Қарттар күні аталып өтті

Алматыда Қарттар күні аталып өтті

Алматыда Әуезов ауданының қарттар үйінде мерекелік шара ұйымдастырылды. Концертте Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері Қарттар күніне арнап өнер көрсетті.

Фото: Azan.kz

Шараны Алматының өкіл имамы Еркінбек қари Шоқай құттықтау сөзімен ашты.

«Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетпеген бізден емес» деген өнегелі сөз бар. Дана халқымыз «Қарты бар үйдің – құты бар» деп аталы насихатын айтып кеткен. Сондықтан біз үлкеніне құрмет, кішісіне ізет көрсеткен салиқалы қоғам болуымыз керек», – деді Еркінбек қари Шоқай.

Концертте Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының өнерпаздары «Еңлік-Кебек» пьесасын заманауи үлгіде сахналап, «Әке мен ана» атты әдеби-музыкалық композиция қойды.

Мерекелік шарадан кейін қонақтар арнайы әзірленген дастарханнан дәм татып, баталы тілек айтты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version