Қайсысы дұрыс: қағаз сүлгілер немесе кептіргіш құрылғы?

Вестминистер университетінің ғалымдары кептіргіш құрылғы мен қағаз сүлгінің қайсысы денсаулыққа зиянсыз екенін анықтау үшін тәжірибе жүргізіп көрді.

Олар тәжірибеге қатысушы адамдардың қолына резеңке қолғап кигізіп, қолдарын вирусты сумен жудырған. Кейбіреуінің қолын кептіргіш құрылғымен, екіншісінікін қағаз сүлгімен кептіртеді. Нәтижесін микроскоппен қараған ғалымдар кептіргіш құрылғының адам денсаулығына анағұрлым зияны бар екенін анықтады. Олардың айтуынша, су қолда бактериялар тез тарайды. Егер су қолды кептіргіш құрылғыға салса, ондағы бактериялар желмен бірге 0,75 метрден 3 метрге дейін тарап кетеді. Ал, қағаз сүлгімен кептірілген қолда бактериялардың таралу диаметры 0,25 метр. Сондай-ақ, құрылғыда 10 секунд кептірілген қол әлі де дымқыл болып шығады. Ал, қағаз сүлгі әп-сәтте кептіреді, деді ғалымдар.

Бұндай зерттеуді кептіргіш құрылғы шығаратын Kimberly-Clark компаниясы да өткізген. Олардың шешімі де дәл осындай:  қолды тез кептіретін «реактивті» құрылғылардың әсерінен қолдағы бактериялар көбейеді. Алайда, бұл шешіммен Dyson компаниясы келіспей отыр. Олар да Лондондағы Королева Мария атындағы университетте тәжірибе өткізіп, қол кептіргіштердің тиімділігі қағаз сүлгімен бірдей екенін жазды.

АҚШ ғалымдары да бұл тәжірибеден тыс қалмаған. Олар өз зерттеулерінде қол кептіргіштердің дауысы адам құлағы үшін өте жоғары екенін айтты. Бұндай дауыс жиілігі жол жөндегенде қолданылатын шой балғада болады.

Барлық тәжірибелерді назарында ұстап отырған ғалымдар ең бастысы қолды дұрыс жуу керектігін алға тартты.

қол жуу