Басты бетЖаңалықтарСолтүстік Қазақстанда...

Солтүстік Қазақстанда құс тезегінен электр энергиясы өндірілетін болды

Мұнда энергия құс тезегінен алынатын болады. Биогаз жабдығынан бірнеше метр жерде екі ірі құс фабрикасы бар. «БиоТЕС» ЖШС өкілі Дамир Тілеубаев айтқандай, ғимараттар маңына қазандықтар орнатылды. Құс тезегі сонда жиналады, кейін оны қыздырып, биогаз алынады.

«Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеп, одан электр энергиясын өндіреміз. Бұл жоба қалдықтарды жою тұрғысынан да маңызды. Біз осы уақытта екі құс фабрикасымен шарт жасасып та үлгердік», — деді Дамир Тілеубаев.

Өткен жылы облыстық әкімдіктің қолдауымен жабдық құрылысы үшін жер телімі берілді. Монтаждау жұмыстары аяқталып, ішкі жөндеу жұмыстары ғана қалды.

ДереккөзҚазАқпарат