Басты бет Қоғам Алматыда таңға жуық жер сілкінді

Алматыда таңға жуық жер сілкінді

Жер сілкінісінің энергетика класы 14,0, магнитудасы MPV 5,5 болды.

Фото: Nzherald.co.nz

Жер сілкінісін жергілікті уақыт бойынша 03.49-да «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісі тіркеген. Алматы төтенше жағдайлар департаменті хабарланғандай, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 140 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетика класы 14,0. Магнитудасы MPV 5,5. Тереңдігі — 10 шақырым. Сезілуі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Саты кенті — 3 балл, Алматы — 2 балл, — делінген хабарламада.

Департамент жергілікті атқарушы органдарға, прокуратураға, «Қазселденқорғау» және басқа да ұйымдарға хабарландыру жасаған.

ПД ЖБО-ның деректері бойынша зақымдану мен қирау деректері анықталған жоқ. «Қазселденқорғау» мәліметінше, гидротехникалық құрылыстарда, көшкін қаупі бар және сел қаупі бар учаскелерде деформация, шөгу және жарықтың пайда болуы анықталған жоқ, — деп хабарлады ведомстводан.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version