Басты бет Қоғам «Алматыға жер сілкінісі туралы хабарлайтын 25-35 станция орнату қажет»

«Алматыға жер сілкінісі туралы хабарлайтын 25-35 станция орнату қажет»

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Challenge Co., Ltd бас директоры Kазуо Сасакимен жер сілкінісін алдын ала хабарлайтын жүйе орнату туралы сөйлесті.

Фото: @saginayev.b

Kазуо Сасаки әлемде аса сейсмикалық қауіпті аймақтарда қолданылған EQ Guard құралдарының артықшылығы туралы баяндады. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев Instagram-парақшасына жазды.

Kазуо Сасаки — сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласының танымал сарапшысы. Қауіпті ескерту жөніндегі заманауи жүйелер — сейсмикалық қауіпті аймақтарда орналасқан тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кешенді шараларының бірі, — деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Алматыдағы Сейсмология институты мамандарының мәліметінше, қалаға 25-35 станция орнату қажет.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version