Independent газетінің хабарлауынша, Америка әскерінің штаб басшысы Марк Милли Ресеймен арада соғыс болатынына күмән жоқ деген. Сондай-ақ семинар қатысушылары Қытайдан қауіп төніп отырғанын жеткізсе, Генерал Уильям Хикс АҚШ қарулы күштері соғысқа дайындалып жатқанын ескертті.
Отандық сарапшылар да бұл жағдайға өз бағасын берді.
— Бұл Америкада жүріп жатқан сайлау науқанының бір түрі деп ойлаймыз. Біріншіден, ол қазіргі таңда Ресей мен АҚШ суық соғысының басталғанын дәлелдетпейді. Біздің ойымызша, ешқандай әлемге әсер етпейді деп ойлаймыз, — дейді Медиа технологиялар орталығының атқарушы директоры Ержан Бағдатов.
Еске сала кетейік, Сирияға қатысты мәселеде екі ел өзара келіспей, шиеленіс ушықты. Ресми түрде Мәскеу АҚШ-тың Сириядағы зымырандарын атып құлататынын ескерткен.