«Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен ҚР кәсіпкерлік Заңы әзірленіп, 2015 жылдың 1 қаңтарында заңды күшіне енген болатын. Аталған заңның қабылдануынан осы жылы кәсіпкерлік субьектілеріне түскен жалпы экономикалық пайда жылына 14 млрд теңгеден асты», — деді ол ҰКП төралқасының кеңейтілген кеңесінде.
«Жылына 14 млрд теңге — бұл тексерулерге байланысты енгізілген жаңашылдықтардан түскен үнем. Бұл бағалау емес, тікелей сандар», — деп нақтылады А.Мырзахметов.
А.Мырзахметовтың мәліметінше, бизнесті қорғау желісінде 2013 жылдың қазан айынан бері ұлттық палатаға 9600-ге жуық шағым түссе, оның 41%-ы оң шешімін тапқан.
Оның айтуынша, кәсіпкерлік субъектілеріне салынған жалпы 16 млрд астам тенгені құрайтын айыппұлдар мен өсімпұлдар алып тасталынды. «Биыл — 11 айда 8,7 млрд теңге», — деді А.Мырзахметов.