Басты бет Жаңалықтар Тұман және жел. Синоптиктердің 8 қазандағы ауа райына болжамы

Тұман және жел. Синоптиктердің 8 қазандағы ауа райына болжамы

Синоптиктердің болжамына қарағанда, еліміздің кей жерінде тұман түседі. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Фото: Аvatars.mds.yandex.net

«Қазгидромет» РМК мамандары 8 қазандағы ауа райына болжам ұсынды.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Атмосфера фронттарының өтуіне байланысты еліміздің тек батысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде  жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында, Түркістан облысында желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қаупі бар.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version