Алдағы үш тәулікте ауа райы қалай өзгереді?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 8-10 қазан күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, Поволжьеде орналасқан суық атмосфера фронттарымен байланысты белсенді бұлтты массив шығысқа қарай ығыса бастады. Соның әсерінен алдағы үш тәулікте республикадағы ауа райы өзгереді.

Алдағы тәулікте батыста ауа райы бұлтты болады, жаңбыр жауады және ауа температурасы төмендейді. 9 қыркүйекте солтүстік-батыста, 10 қыркүйекте солтүстікте және орталықта жаңбыр жауады, найзағай ойнайды және ауа температурасы біртіндеп төмендейді, — деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.

Шығыста ауа райы жауын-шашынсыз, бұрынғыдай жылы болады.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жоғары жыраның ықпалынан өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.