Басты бет Жаңалықтар 7 қазан күні тұман түсіп, жел күшейеді

7 қазан күні тұман түсіп, жел күшейеді

Еліміздің кей жерінде тұман түседі, желдің екпіні 15-22 м/с-ке дейін күшейеді. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Фото: Wiadomosci.onet.pl

«Қазгидромет» РМК мамандарының хабарлауынша, 7 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Атмосфера фронттарының өтуіне байланысты тек батыс пен оңтүстіктің таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Алматы облысы Алакөл ауданында екпіні секундына 17-22 метрге жететін жел соғады.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, 15-20 м/с жел соғады. Батыс Қазақстан облысында тұман түседі. Маңғыстау облысында желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейіп, шаңды дауыл тұрады.

Түркістан облысында найзағай ойнайды.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қаупі бар.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version