«Қазгидромет» РМК мамандарының хабарлауынша, 7 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Атмосфера фронттарының өтуіне байланысты тек батыс пен оңтүстіктің таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Алматы облысы Алакөл ауданында екпіні секундына 17-22 метрге жететін жел соғады.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, 15-20 м/с жел соғады. Батыс Қазақстан облысында тұман түседі. Маңғыстау облысында желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейіп, шаңды дауыл тұрады.
Түркістан облысында найзағай ойнайды.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қаупі бар.