Геннадий Головкин Сергей Деревянченконы жеңді

Қазақстан боксшысы IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанды.

Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

Нью-Йоркте Қазақстан боксшысы Геннадий Головкин мен Украина боксшысы Сергей Деревянченконың арасындағы жекпе-жек  аяқталды. Madison Square Garden аренасында өткен бокс кешін Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей трансляциялады.

Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченконың жұдықтыртасуы 12 раунд бойы жалғасты. Жеңімпаз төрешілер шешімімен анықталды. Төрешілер бірауыздан Қазақстан боксшысын жеңімпаз деп атады.

Геннадий Головкин, Сергей Деревянченко
Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

Шоудың андеркартында жеті кездесу болды. Олардың бірінде Қазақстан боксшысы Әли Ахмедов Америка боксшысы Эндрю Эрнандеспен жұдырықтасты.

Әли Ахмедов. Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

Әли Ахмедов Америка боксшысы Эндрю Эрнандесті бірінші раундтың 44-секундында нокаутқа түсіріп, екінші орта салмақтағы WBC International Silver титулын қорғап қалды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version