«Назарбаев университетінің» медицина ғылымының докторы Чи Кай Чан аутизм мен тамақтану арасындағы байланысты зерттеп жүр. Ол аутизммен ауыратын баласы бар ата-аналарға ас мәзірінен құрамында глютені бар тағамдарды азайтуды ұсынды.
Глютен — арпа, бидай, қарбидайдың құрамына кіретін күрделі ақуыз. Ол бидайдың 80%-ын құрайды. Сондай-ақ кетчуптың құрамында да бар.
Глютенсіз тағамдарға ет, балық, жұмыртқа, картоп, күріш, жүгері, жаңғақ, жеміс-жидек пен көкөністер жатады.
«Аутизммен ауыратын балалардың асқазан-ішек жолдарында іш кебу, іш қату сынды мәселе жиі болады. Соңғы кезде аутизм асқазан ауруларын қоздыра түсетіні анықталды. Тағам құрамында глютен болғандықтан ең бірінші ас қорыту процесін қиындатып, қант, май, дәрумендер мен минералдарды сіңіру үдерісі тежеліеді де, салдарынан ои жұмысына әсер етеді»,-деп түсіндірді Чан дәрігер.
Ол қазіргі уақытта аутизммен ауыратын баланың генетикасына зерттеп, оған пайдалы тағамдардың тізімін анықтап жатыр.
«Сіз ас мәзірінен қандай да бір тағамды алып тастасаңыз баланың денсаулығы едәуір жақсаруы мүмкін. Алайда, бұл барлық балаға бірдей әсер етпейді. Оның себебін генетикадан іздеп жатырмыз. Қай тағамның ауруды қоздыратынын әзірге айта алмаймын. Бәрін ғылыми-медициналық тұрғыда зерттеп жатырмыз», -деді дәрігер.