Бұл туралы Алматы әкімінің ресми сайты жазды. Әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров №105-ші мектепте болған экосағатқа қатысты.
Экология сағатының мақсаты — балалар мен жасөспірімдердің назарын экологиядағы тепе-теңдікті сақтау проблемасына аудару, табиғатты аялай білуге және табиғи ресурстарға деген оң көзқарас қалыптастыруға тәрбиелеу, — деді Ержан Бабақұмаров.
Қала мектептеріндегі экосағатта «Адам және табиғат» танымдық-дамыту сабағы өткізілді. Шара қарсаңында «Жер — біздің ортақ үйіміз» тақырыбында сурет пен плакат байқауы жарияланған болатын. Бүгін байқаудың жеңімпаздары марапатталды.