«Астана LRT» компаниясы қытай электробусының арзанырақ екенін айтты

Бұл туралы «Астана LRT» компаниясының басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов хабарлады. Оның айтуынша, электробустың батареясына 7 жыл, электр қозғалтқышына 5 жыл кепілдік берілген. Ақпанда жүргізілген тестілеу нәтижесінде бұл электробустардың минус 38 градусқа дейін төзімді екені анықталған.

Әр электробус 146,7 миллион теңге тұрады. Қазіргі курспен есептегенде, шамамен 388 мың доллар болады. 1 километрге 0,91 кВт электр энергиясы кетеді. Электр автобустары түнде зарядталады. Электробус төменқабатты, ұзындығы — 12 метр, — деді Бекмырза Игенбердинов.

Yutong компаниясының 100 электорбусын «СарыарқаАвтоПром» компаниясы құраған. Электробустар «БРК-Лизинг» арқылы 7 жылға 7% мөлшермен жалға алынған.

Қостанайда құрастырылған электробустардың алғашқы легі Нұр-Сұлтанға жақын арада келуге тиіс, — деді Бекмырза Игенбердинов.

Бекмырза Игенбердиновтың айтуынша, электробустарды алу автобустардың дизель отынына кететін шығынмен салыстырғанда 80% шығынды үнемдейді.

ДереккөзKursiv.kz