«Кәсіпкерлер жалға алу бағасын неліктен бірден көтеріп жібергенін түсініп отырған жоқ. Мәселе тағамдардың бағасын тым қымбаттатуға болмайтын әлеуметтік нысандарға қатысты болып отыр. Кәсіпкерлер үшін мектептерде, ауруханаларда немесе әскери бөлімдердің асханаларында жұмыс істеу тиімсіз. Бұл жерге көбінесе жалақысы көп емес мемлекеттік және әлеуметтік саладағы қызметкерлер келеді. Яғни бұл халыққа оңай болмайды. Мәселе шешімін табуы керек», — деді ҰКП кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Ғани Қасымов.

Ал аймақтық кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөлімінің басшысы Салтанат Лесбаеваның айтуынша, жалға алу бағаларының өсуі — есептік баға бойынша базалық мөлшерлеменің және орналасқан аймағына байланысты коэффициенттің  өзгеруі.

«2015 жылдың 23 мауысымында Мемлекеттік мүлікті жалға беру туралы ережеге өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде мемлекеттік нысандарды жалға алушылардың базалық мөлшерлемелері төмендеді. Олар мектеп асханаларын жалға алумен қатар, қосымша залдары үшін және жазғы демалыс кезінде де қаржы төлейді», — деді С. Лесбаева.