Алдағы үш тәулікте ауа температурасы 12 градусқа дейін төмендейді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 3-5 қазан күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашын жаумайды, түнде аяз болады.

Орталық және шығыс облыстарында түнде 1-7 градус, кей жерде 12 градусқа дейін аяз болады. Күндіз температура көтеріледі, бірақ климат нормасынан төмен болады. Батыс аудандарды қоспағанда, температура  көпжылдық мәннен 3-5 градус жоғары болады, — деп хабарлады синоптиктер.