Басты бет Экономика Нұр-Сұлтанда әлеуметтік кәсіпкерлік мәселесі талқыланды

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік кәсіпкерлік мәселесі талқыланды

Бизнес пен коммерциялық емес ұйымдардың әлеуметтік бизнесті бастау мен әлеуметтік кәсіпорындар құруға әлеуеті жетеді.

Фото: Atameken.kz

Әлеуметтік кәсіпорындар мектепке дейінгі тәрбие, әлеуметтік қызмет, мәдениет, спорт және демалыс, қаржыландыру, қоғамдық инфрақұрылым, экология сияқты экономикалық және әлеуметтік өмірдің түрлі саласында жұмыс істей алады. Бұл туралы «Атамекен» палатасы жанындағы адами капиталды дамыту мен бизнестің әлеуметтік саясаты комитетінің отырысында айтылды.

Комитет төрағасы Талғат Доскенов әлеуметтік кәсіпкерлікке қызығушылық деңгейі жыл сайын артып келе жатқанын айтты.

Елімізде бейресми дерек бойынша әлеуметтік кәсіпкерліктің саны — 500-ге жуық. Елде Эмин Әскеровтың Green Tal әлеуметтік шеберханасы сияқты әлеуметтік кәсіпорындар бар. Samruk-Kazyna Trust қоры сияқты қазақстандық қорлардың гранты негізінде жобалар жүзеге асып жатыр. «Асар» үшжақты форумы алаңы құрылды. Онда осы тақырыптың ғылыми базасы дамиды, — деді Талғат Доскенов.

Комитет отырысының қорытындысы бойынша әлеуметтік кәсіпкерлік тұжырымдамасын, оны сертификаттауды енгізу, «Менің Атамекенім» платформасында әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған уеб-сайт құру сияқты мәселені қарау туралы шешім қабылданды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version