Басты бетЖаңалықтарБас прокуратура...

Бас прокуратура алимент төлемейтіндерге қарсы жоба жасады

Бас Прокурор Жақып Асановтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болды. Оған Парламент Сенатының мен Мәжілісінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкерлері, Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің және Бас Прокуратура жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі Консультативтік кеңес мүшелері, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Олар алиментті өндіруде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын үйлестіру мәселелерін талқылады.

Бас прокуродың айтуынша, бүгін Қазақстанда 32 мыңға жуық бала мемлекеттік балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Олардың 70%-ы ата-анасы бар бола тұра жетім қалған. 4 млн отбасының әр 8-сі – толық емес, не әкесі жоқ, не шешесі жоқ.

Ал соңғы 5 жылдың ішінде 200 мың отбасы, яғни әрбір үшінші неке бұзылған. Әр бесінші бала некесіз туған. 350 мыңнан астам бала өзін тастап кеткен ата-анасына ақшалай тәуелді болып отыр. Алимент бойынша қарыз 2 млрд теңгеге жуықтады.

Сондықтан, Бас прокуратура мүдделі мемлекеттік органдармен бірігіп, «Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасын әзірледі. Оның мақсаты – балалардың пайдасына алименттерді өндірудің тиімді жүйесін құру.

Жобаны іске асыру аясында заңнамалық деңгейде алимент мөлшерін белгілеу тәртібін қайта қарау, мәжбүрлі жұмыс түріндегі жаңа қылмыстық жаза түрін енгізу, мемлекеттік қызмет түрлерін ала алмайтындай шектеуге байланысты шараларды арттыру ұсынылды.

ДереккөзBnews.kz