Басты бет Қоғам Алматыда әдеби аударманың мәселелері талқыланып жатыр

Алматыда әдеби аударманың мәселелері талқыланып жатыр

Алматыда жазушылардың "Әлемді ашу – әлемге ашылу. Әдеби аударманың проблемалары және жазушылар байланысы" тақырыбында ІІ халықаралық форумы өтіп жатыр.

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала бүгінде әдебиет туралы маңызды сөз қозғайтын орталыққа айналған.

Форумға Германиядан, Америкадан, Англиядан, Түркиядан, Қытайдан, Монғолиядан, Ресейден, Марокко мен Литвадан, Өзбекстан мен Қырғызстаннан және басқа елдерден келген жазушылар, публицистер, аудармашылар, әдеби сыншылар, суретшілер қатысып жатыр.

Халықаралық байланыстар жемісті болса, ол ұлттың мәдени жаңғыруы мен дамуындағы маңызды алғышарт болады, — деді Қазақ ПЕН клубынының президенті Бигелді Ғабдуллин.

Форум жұмысы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға бағытталған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version