Бостандық ауданында су басудың алдын алу шаралары жүріп жатыр

Аудан әкімінің айтуынша, Климент Тимирязев көшесінің солтүстік жағындағы арық жүйесінің бойымен басқа көшелерге жаңбыр суын бұру үшін бордюрлер орнатылды. Бұл Тимирязев көшесіндегі үйлердің аулаларын су баспау үшін қажет.

Алматы әкімінің тұрғындармен кездесуінде ауданға қатысты 118 сұрақ келіп түсті. Сұрақтардың басым бөлігі коммуналдық шаруашылыққа (аула аумағын абаттандыру, ескі үйлерді бұзу және тағы басқа) және абаттандыруға (жол төсемдерін жөндеу, көшелерді жарықтандыру, арық желісін санитарлы тазалау, жасыл желектерді санитарлы кесу) тротуарлар мен жолдарды салу және жөндеуге қатысты болған еді, — деді Алтай Рахымбетов.

1.14.1. жол белгісін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті алдындағы жаяу жүргіншілер жолы мен әл-Фараби даңғылы бойындағы баспалдақ аралығы жөнделген.

Саин көшесіндегі жасыл желектерді суару кестесі ретке келтірілген. Соған сәйкес жұмыс күндізгі уақытта 8.00-ден кешкі 17.00-ге дейін, түнгі уақытта 21.00-ден 6.00-ге дейін тұрақты жүреді.