Air Astana үкіметтен компанияны жекешелендіруге жол бермеуді сұрады

Қазақстандық Air Astana үкіметке компанияны жекешелендіруге және акция пакеттерін шетелдік инвесторларға сатуға жол бермеу туралы өтініш айтты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Біз үкіметке Air Astana-ның кво-дәрежесін сақтап қалу туралы өтініш айттық. Аталған мәселеге қатысты позициямызды қарайды деп үміттенеміз», — деп атап өткен компанияның баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі өкілінің айтуынша, Air Astana-ның 51% акциясының сатылуы «Әуе тасымалын қолдану туралы» заң мазмұнынының өзгеруінен кейін мүмкін болып отыр.

«Осы жылы мемлекеттік сатып алуға байланысты заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл әуе кеңістігі туралы басқа заңдардың мазмұнына әсерін тигізді. Мысалы бұдан бұрын шетелдік инвесторлар акциясының нормасы 49% болса, қазір бұл норма алынып тасталды», — деп түсінірді компания өкілі.

Баспасөз қызметі Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) ұсынысына сәйкес, шетелдік компаниялар әуе тасымалының 49%-на иелік ете алмайтынын анықтаған.

«Мұндай заңдар тек Қазақстанда ғана емес, АҚШ-та, ЕО-да, Қытайда, Ресейде бар. Өйткені барлық авиациялардың қорғаныс үшін маңызы бар. Мемлекет әуе тасымалдаушылардың бақылау пакеттеріне иелік еткісі келеді. Ұшақтары әуе кеңістігіне жіберілген кезде кез келген әуе компания мемлекет өздерін тиімді бақылауға алып отырғанына сенімді болуы керек. Олар біздің елдің жалауымен ұшырылатын ұшақтар нақты республиканың бақылауында болу керектігін түсіну керек» — деп есептейді әуе компания қызметкерлері.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, Air Astana-ны сатып алушы Катар әуе бағыты (Qatar Airways) болуы мүмкін.

Сондай-ақ айта кетейік, «ҚР мемлекеттік сатып алу бойынша заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының қабылдануы «Әуе тасымалын қолдану туралы» заңға әсерін тигізуде. Осыған байланысты Air Astana және басқа да қазақстандық әуе компаниялары шетелге ұшуын тоқтатуы мүмкін.

«Эйр Астана» – Қазақстандағы ЕАҚА (Еуропалық авиация қауіпсіздік агенттігі) куәландырған ұшақтарға 145 директиваның талаптарына сәйкес техникалық қызмет көрсететін әуекомпаниялардың бірі. 2011 жылы «Эйр Астана» әуекомпаниясы тағы да IATA-ның (Әуе транспортының халықаралық қауымдастағы) эксплуатациондық қауіпсіздік жөніндегі Халықаралық аудиттен (IOSA) сәтті өткен әуекомпаниялар регистрінде ресми түрде тіркелді. Сонымен қатар «Эйр Астана» осы регистрде тіркелген қазақстандық жалғыз әуекомпания болып табылады.

Дереккөз7kun.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Әлихан Смайылов үкіметтің алдағы жұмыс жоспарларына тоқталды

Премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметтің алдағы уақытта шешетін негізгі міндеттерін атады.

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 1-3 сәуір аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады.

Қазақстанның сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы заңына өзгеріс енді

Мемлекет басшысы «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңына қол қойды.

Қазақстан бочча федерациясы халықаралық федерацияның құрамына енді

Қазақстан бочча федерациясы ресми түрде Boccia International Sports Federation (BISFed) – халықаралық бочча федерациясының мүшесі болды.

«Қазақстанның халық әртісі» атағы қайтарылады

Мемлекет басшысы мәдениет саласындағы саясатты жан-жақты ойластырып жүргізу керек екенін айтты. Қазір бұл саланы өркендету үшін жаңа тұжырымдама жасалып жатыр.

ЖСДП мәжіліске өткен депутаттардың есімін атады

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) мәжіліске өткен депутаттар тізімін ұсынды.