Басты бет Қоғам Медеу ауданында тұрғын үйлерді модернизациялау аяқталды

Медеу ауданында тұрғын үйлерді модернизациялау аяқталды

Бұл туралы Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов айтты. Әкім ауданға инженерлік желілерді салу мен аймақты абаттандыру туралы баяндады. 

Фото: Europolis.kz

Ауданда Достық даңғылы мен Әйтеке би көшелерінің бойы жөнделіп жатыр. Мұнда жаяу жүргінші аймағы — 5,8 километр. Аудандағы 118 үйдің 52 ауласы абаттандырылып жатыр. Келер жылы оның 18-іне күрделі, қалған 30 аулаға кезекті жөндеу жүргізіледі.

Тұрғын үйлерді модернизациялау аяқталды. 17 үйдің лифтісі ауыстырылды. 17 үйге күрделі жөндеу жүргізіліп, шатыры мен инженерлік желісі жаңарды. Ұзындығы 2 километр болатын Есентай өзенінің жағасын реконструкциялап, абаттандыру жұмысы да бітіп қалды, — деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Әкім Терісбұлақ өзенінің жағалауы жөнделіп жатқанын да айтты. «Сұлусай» ықшамауданының жолдары да күрделі жөнделіп жатыр.

Оған қоса, «Думан» ықшамауданында жалпы ұзындығы 45 километр болатын сумен қамтитын және су бөлетін инженерлік желі тартылып жатыр. Ұзындығы 5,8 километр болатын 12 көшеге су желілері тартылып, 2,5 километр құбыр жүргізілді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version