Ауданда Достық даңғылы мен Әйтеке би көшелерінің бойы жөнделіп жатыр. Мұнда жаяу жүргінші аймағы — 5,8 километр. Аудандағы 118 үйдің 52 ауласы абаттандырылып жатыр. Келер жылы оның 18-іне күрделі, қалған 30 аулаға кезекті жөндеу жүргізіледі.
Тұрғын үйлерді модернизациялау аяқталды. 17 үйдің лифтісі ауыстырылды. 17 үйге күрделі жөндеу жүргізіліп, шатыры мен инженерлік желісі жаңарды. Ұзындығы 2 километр болатын Есентай өзенінің жағасын реконструкциялап, абаттандыру жұмысы да бітіп қалды, — деді Сұлтанбек Мәкежанов.
Әкім Терісбұлақ өзенінің жағалауы жөнделіп жатқанын да айтты. «Сұлусай» ықшамауданының жолдары да күрделі жөнделіп жатыр.
Оған қоса, «Думан» ықшамауданында жалпы ұзындығы 45 километр болатын сумен қамтитын және су бөлетін инженерлік желі тартылып жатыр. Ұзындығы 5,8 километр болатын 12 көшеге су желілері тартылып, 2,5 километр құбыр жүргізілді.