Назарбаев Университеті, Әлкей Марғұлан атындағы Археология институты, Сент-Луистегі Вашингтон университеті және Германиядағы Киль университеті ғалымдарының жаңа зерттеуі Ішкі Азия таулары арқылы тарының алғашқы транзиті мал бағумен және өсімдік өсірумен тығыз байланыста екенін көрсетті.
Зерттеу нәтижесі 4 қыркүйекте Proceedings of the Royal Society B журналында Early integration of pastoralism and millet cultivation in Bronze Age Eurasia ғылыми мақаласында жарияланды.
Зерттеуде оңтүстік-шығыс Қазақстанның Жоңғар тауларындағы жерде жуырда ашылған ерте қола дәуіріндегі б.з.д. 2700 жылы қолға үйретілген қойлар мен ешкілердің сүйектерін сәйкестендіру үшін ежелгі ДНҚ пайдаланылды. Тұрақты изотоптарды талдау Орталық Азияда қыстың қаттылығына шыдауға көмектесу үшін жануарларды тарымен азықтандырғанын көрсетті.
Тары тез өседі және жергілікті таулар мен дала ойпаттарының өсімдіктерімен салыстырғанда оның көміртегінің айқын изотоп құрамы бар. Біз жануарлардың тарыны ерте Қола дәуірінен Темір дәуіріне дейін тұтынғанын нақты анықтай алдық, – деді Киль университетінің постдокторлық зерттеушісі және зерттеудің жетекші авторы Др. Тейлор Хермес.
Орталық Азияда қой мен ешкіні қолға үйрету үшін осындай ерте кезеңде оларды тарымен асырау мал шаруашылығының, шошқа бағудың да, тары егудің Қытай қауымынан әрі қарай батысқа дейін таралуы үшін маңызы зор деп болжауға мүмкіндік береді. Др. Тейлор Хермес мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы арасындағы ерекше байланысты атап көрсетеді.
Жоңғар тауларында (Қазақстан) мал шаруашылығымен айналысатын Бегаш және Тасбас атты екі шағын елді мекенде адам жерлеу орындарын зерттегенде команда қолдан жасалған дақылдар бастапқыда Орталық Азияға негізгі азық-түлік ретінде емес, тауар ретінде таралғаны туралы гипотезаны ұсынды. Адам кремацияланған табыттарда бидайдың, тарының және арпаның көмір басқан дақылдары (б.з.д. шамамен 2500-2200 жылдары) — адамдар Орталық Азия арқылы дәнді дақылдармен алмасқанының дәлелі.
Өсімдік шаруашылығының жергілікті мал шаруашылығына қосқан үлкен үлесі Тасбас пен Бегашта тұратын адамдар дәнді дақылдардың элементтерін өздерінің салт-дәстүрлерінде қосуды ұйғарғанының себебі болуы мүмкін. Олардың қабірлерінде бидай мен арпаның тарымен бірге табылуы осы таулы өңірдегі басқа да мәдениеттердің ролі туралы ойлануға мәжбүрлейді, – деді Назарбаев университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің антропология кафедрасының меңгерушісі Паула Дюпюй.
Ауыл тұрғындары тарыны тамақ ретінде жейтініне дәлел аз болмаса да, ғалымдар зерттеулерінде ауыл шаруашылығы дақылдарын негізінен мал азығы үшін өсірді деп болжайды. Жануарлардың рационында тары тұтыну көшпелі өмір салтының әлеуметтік және экологиялық жағдайларының өзгеруіне байланысты ауыспалы болған.
Енді біз тарыға жай ғана салт деп қарамай, одан да жете мән берілгенін білеміз. Тары табынды аман-сау ұстау үшін және мал өсірушінің өмірін үшін де құнды өнім болды, – деді ғалым Гермес.
Назарбаев Университетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғалымдар мақаласында археологиялық қазбалар мен музей коллекцияларының нәтижелеріне сүйенген. Зерттеу Майкл Фрачеттидің жетекшілігімен Вашингтон университеті мен Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының арасындағы көпжылдық ғылыми әріптестік аясындағы жүргізілді. Зерттеуге Киль университетінің Шерил Макаревич жетекшілігімен еуропалық зерттеу кеңесі қаржыландыратын ASIAPAST атты жоба қолдау көрсетті.