Премьер-Министр Асқар Мамин Байқоңырдың әлеуметтік-экономикалық дамуымен, ғарыш саласындағы бірлескен Қазақстан-Ресей жобаларының іске асырылуы және перспективасымен танысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Байқоңырды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын бақылау аясында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған бес 50 пәтерлі үйдің алаңына да барды.
Премьер-Министрге қаланы газбен және сумен қамту, қонақүй кешендерін салу және реконструкциялау, Байқоңырда «Байқоңыр» АЭА құру бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы баяндалды.
«Союз МС-15» пилотталатын кемесін ұшыруды бірлесіп бақылаған соң Үкімет басшысы ғарыш қызметі жөніндегі «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен «Назарбаев старты» ғарыш зымыраны кешенін құрудың Қазақстан-Ресей жобасын іске асырудың өзекті мәселесін талқылады.
2019 жылы 7 қыркүйекте Мәскеуде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ Президенті Владимир Путин кездесті. Ресейлік тарап «Бәйтерек» жобасын «Назарбаев старты» деп қайта атауды, оны тиімді іске асыру үшін «Союз-5» және «Союз-6» зымыран тасығыштарын ұшыру үшін бірегей стартты, пилоттау бағдарламасын алып тастауды қарастыратын жаңа жағдайларды қарастыруды ұсынған еді.