Басты бет Жаңалықтар Бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Синоптиктер атмосфераның фронтал бөліктерінің өтуіне байланысты 26 қыркүйекте Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа райы құбылмалы болатынын болжады. Кей жерде жаңбыр, жылбысқы қар жауады, күшті жел соғады, тұман түседі.

Фото: Айгүл Хожантаева

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, антициклон жотасының орналасуына байланысты 26 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түседі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде 1-3 градус үсік болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Карағанды, Батыс Қазақстан облысында өте жоғары өрт қаупі бар.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version