Алдағы үш тәулікте ауа температурасы төмендейді

«Қазгидромет» кәсіпорнының синоптиктері 26-28 қыркүйек күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның орталығы мен шығысында ауа температурасы төмендеп, үсік болады. Тағы бір суық фронт Орал аудандарынан ығысып жатыр, оның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауып, күшті жел соғады. Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр жылбысқы қарға ауысады.

Өткен үш тәулікте ауа температурасы оңтүстікте, орталық пен шығыста қалыпты нормадан 3-6 градусқа жылы болса, сенбі күні нормаға жақындайды, ал жексенбіде барлық өңірде нормадан 3-8 градусқа төмендейді, — деп хабарлады синоптиктер.