Басты бет Жаңалықтар 25 қыркүйек күнгі ауа райы: 8 облыста үсік болады

25 қыркүйек күнгі ауа райы: 8 облыста үсік болады

Сәрсенбіде Қазақстанның кей жерінде жаңбыр, жылбысқы қар жауады, жел күшейіп, тұман түседі, оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды.

Фото: Inform.kz

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 25 қыркүйекте атмосфераның фронтал бөліктерінің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатынын хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді, түнде тұман түседі.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында 15-20 м/с жел соғып, тұман түседі.

Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында да желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында тұман түседі.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде 1-3 градус үсік болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version