Басты бет Қоғам 11 қыркүйек күні кей өңірде үсік жүреді

11 қыркүйек күні кей өңірде үсік жүреді

"Қазгидромет" РМК мамандарының болжауынша, республиканың солтүстік, орталық және шығысында ауа райы құбылмалы болады. Кей жерде нөсер жауады, желдің жылдамдығы артып, тұман басады. 

Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Шығыс Қазақстан облысының кей өңірін тұман басады. Күндіз бұршақ жауып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін артады.

Қарағанды облысында бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең тұман басады.

Павлодар облысының кей аймағында түнде тұман болып, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге артады.

Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарын, түнде Алматы, Қостанай облыстарының кей аймағын тұман басуы мүмкін.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қарағанды облысында 1-3 градус үсік болады.

Атырау облысында, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерінде,  Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының жекелеген ауданында  өрт қаупі сақталады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version